Қостанайда 4,2 гектар аумақты алып жатқан жаңа саябақ ашылды
Қостанайда 4,2 гектар аумақты алып жатқан жаңа саябақ ашылды. 10 тақырыптық аймақтан тұратын демалыс орны кез келген жастағы тұрғындарға арналған. Орталық бөлігінде балаларға арналған үш ойын алаңы бар. Бір шақырымға жуық велосипед жолы мен 24 мың шаршы метр жаяу жүргінші аймағы да қарастырылған. Саябақта воркаут пен тренажёр алаңдары, амфитеатр және демалыс алаңдары орналасқан. 626 түп ағаш, 330 бұта отырғызылып, жасыл желекпен көмкерілген аумақта заманауи суару жүйесі орнатылған.



