Қостанайда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары басталды
Қостанайда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары басталды. Барлығы 3000 түптен аса қайың, қарағай, шырша, үйеңкі ағаштары егіледі. Олар Башқұртстан мен көршілес Ресей елінен арнайы әкелген. Мамандар көшеттерді отырғызу үшін күз бен көктем ең қолайлы шақ дейді.