Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл толып отыр
Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге орай Қостанай қаласында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара «Жастар сарайында» өтті. Ел қауіпсіздігі үшін өз өмірін аямай қызмет етіп жүрген батырлар марапатталып, құттықтау сөздері мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.



