13.10.2025 19:09
Қазақ Қазақ
USD 539.06
EUR 623.75
RUB 6.63
Жаңалықтар

Қостанайда Дүниежүзілік пошта күні кең көлемде аталып өтілді

  • 13 октября, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 4

Қостанайда Дүниежүзілік пошта күні кең көлемде аталып өтілді. Кәсіби мереке қарсаңында облысымыздың барлық аудан, ауылдарындағы пошта бөлімшелерінің қызметкерлері Қостанай қаласына арнайы шақырылды. Салтанатты жиын барысында сала ардагерлері мен үздік қызметкерлер марапатталып, пошта байланысының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесі ерекше атап өтілді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарлама және жас мамандардың қатысуымен өткен шығармашылық көріністермен жалғасын тапты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай басқосулар пошта саласының беделін арттырып қана қоймай, сала мамандарының ынтымағын күшейтеді.