Елімізде марқұмдарға зәулім биіт тұрғызып, қымбат құлыптас орнату тыйылмай келеді
Зират па, әлде мазар ма? Елімізде марқұмдарға зәулім биіт тұрғызып, қымбат құлыптас орнату тыйылмай келеді. Әбден қордаланған мәселеге бүгінде дін өкілдері алаңдаушылық тудырып отыр. Себебі, өліктің басын көтеру қазір бәсекелестіктің нышанына айналғандай сынай танытады. Ысырапшылдық пен бақталастыққа тосқауыл қою үшін имамдар «Зират мәдениетін» енгізуді қолға алған. Енді мола биіктігі 60 см ал, құлыптас 1 метрден аспауы шарт. Бұл бастама қалай жүзеге асып келеді?