Елімізде электр энергиясын заңсыз тұтыну фактілері
Елімізде электр энергиясын заңсыз тұтыну фактілері, соның ішінде көлеңкелі майнинг фермаларына қатысты тексерулер күшейтілді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай заңсыз әрекеттер ел экономикасына елеулі зиян келтіріп қана қоймай, маңызды инфрақұрылымдар мен әлеуметтік нысандардың тұрақты түрде энергиямен қамтылуына қауіп төндіреді. Анықталған фактілер бойынша ең көп заңсыз майнинг фермалары Астана қаласында тіркелген — 6 жағдай. Ал Шымкент пен Қостанай қалаларында әрқайсысында 3 жағдайдан анықталған.