Төрт күн ішінде Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды
Төрт күн ішінде Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды. Олардың барлығы есірткі айналымы саласындағы заңнаманы бұзды деген күдікте. Бұл фактілер Ішкі істер министрлігі жүргізген арнайы «Дәрмек» операциясы барысында анықталған.
Сонымен қатар, полицейлер 280-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықты тіркеп, құрамында есірткі заттары бар шамамен 7 мың дәрілік препаратты заңсыз айналымнан тәркілеген.