«Смарт Қостанай» цифрлық бағдарламасы жаңа — Life Helper қосымшасымен толықты
«Смарт Қостанай» цифрлық бағдарламасы жаңа — Life Helper қосымшасымен толықты.
Бұл қосымша арқылы азаматтар дәрігерге жазылып, инватакси шақырып, мәдени іс-шаралар афишасымен танысып, сондай-ақ жұмыс таба алады. Оның ішінде мүгедектігі бар жандарға арналған арнайы бос жұмыс орындары да қарастырылған. Ең басты артықшылығы — қосымша зағип жандарға ыңғайлы дыбыстық сүйемелдеумен жабдықталған. Бағдарламаның іске қосылуын Қостанай облысының прокуратурасы үйлестірсе, оны Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жүзеге асырды.



