Қостанай облысында зейнеткер телефон алаяқтарының құрбаны болды
Қостанай облысында зейнеткер телефон алаяқтарының құрбаны болды. Бейтаныс адамдардың нұсқауын орындаған әйел бірнеше миллион теңге көлеміндегі жинақ ақшасын курьер ретінде келген қызға өз қолымен табыстап берген. Алаяқтар оны телефон арқылы алдап, сол сәтте туыстарының зейнеткерге хабарласа алмауына да себепші болған.