Қостанайда жасанды интеллект саласына бағытталған ең ірі хакатонның аймақтық кезеңі өтті
Қостанайда жасанды интеллект саласына бағытталған ең ірі хакатонның аймақтық кезеңі өтті. Бұл — програмисттер мен IT мамандарының өзара білімдері мен дағдыларын көрсететін байқау. Қатысушылар шектеулі уақыт ішінде нақты бизнес-компаниялар ұсынған тапсырмаларды шешуі керек. Республикалық кезеңге өткен командалар қомақты сыйақы үшін бақ сынайды. Биыл байқаудың жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды.