Қазақстанда көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер заңмен белгіленген
Қазақстанда көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер заңмен белгіленген. Эпилепсия, психикалық аурулар, нашақорлық және көздің көру қабілетіне қатысты ақаулар — көлік басқаруға тыйым салынатын диагноздар қатарына жатады. Алайда мұндай диагнозы бар кейбір азаматтар рульге отырып, жол қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Дәрігерлік құпияға байланысты, медициналық ұйымдар бұл мәліметтерді полицияға тек ресми сұраныс түскен жағдайда ғана ұсына алады. Бұл мәселе облысымызда қалай шешілуде?