Қостанай қаласында «Ардагер аманаты» атты хат-капсуланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Қостанай қаласында «Ардагер аманаты» атты хат-капсуланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Ол өңірге Солтүстік Қазақстан облысынан жеткізілді және алдағы уақытта Ақмола облысына жол тартады.Бұл патриоттық марафон ел аумағын аралап, жастарды біріктіруде. Ол өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтардың – аға буынға құрмет, сабақтастық пен Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызын еске салады.