Қостанайда жылыту маусымына дайындық жалғасып жатыр
Қостанайда жылыту маусымына дайындық жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 945 көпқабатты тұрғын үйге дайындық паспорты берілген. Бұл – барлық тұрғын үйлердің 70 пайыздан астамы.Білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері де қысқы маусымға дайын. Бұл саладағы дайындық деңгейі ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Жылыту маусымының нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз. Бұл – тікелей ауа райына байланысты. Мысалы, өткен жылы жылу 1 қазаннан бастап қосылған болатын.