Денисов ауданының Свердловка ауылында Александр Корнеевті еске алуға арналған жыл сайынғы спорттық турнир өтті
Денисов ауданының Свердловка ауылында Александр Корнеевті еске алуға арналған жыл сайынғы спорттық турнир өтті. Ауқымды додаға Денисов ауданының сегіз ауылдық округінен 150-ге жуық спортшы келіп, жүлделі орындарды сарапқа салды. Саналы ғұмырын туған жеріне арнаған Александр Корнеев 1988 жылы облыстағы тұңғыш ауыл шаруашылығы кооперативін ұйымдастырған. «Колос» серіктестігін – ұзақ жылдар бойы басқарған Корнеев ауыл шаруашылығынан бөлек, спортты да дамытуға зор үлес қосып жүрген. Биыл нар тұлға 76 жасқа толар еді.



