01.07.2026 18:40
Қазақ Қазақ
USD 480.72
EUR 548.07
RUB 6.14
Жаңалықтар

Қостанайлықтар1-ші қыркүйектен бастап аялдамада автобустарды ұзақ күтетін болады

  • 28 августа, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 10

Қостанайлықтар1-ші қыркүйектен бастап аялдамада автобустарды ұзақ күтетін болады. Қала әкімдігі қоғамдық көліктердін интервалын ұзарту арқылы бюджеттен бөлінетін қаражатты үнемдемек. Шенділердің сөзінше, тексеріс барысында жартылай бос жүретін автобустардын көбейгені және соңғы аялдамаларда бір бағыттың 2–3 көлігі жөнелту уақытын күтіп, ұзақ тұрып қалуы анықталған. Бұл өз кезегінде қоғамдық көлікті тиімсіз пайдалануға, артық жүрістерге, жанар-жағармайдың шамадан тыс жұмсалуына және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соқтырады. Дегенмен, қарбалас кезінде автобустардын жүріп тұруы қысқармайды.