Тәртіп сақшылары арнайы рейдтер жүргізіп жатыр
Жол қозғалысы ережесінің ең қауіпті бұзушылықтарының бірі — қарсы бағытқа шығу деректерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары арнайы рейдтер жүргізіп жатыр. Рұқсат етілмеген жерде қарсы жолаққа шыққан жүргізушілерді дер кезінде анықтау үшін патрульдік полиция дрондарды қолданады. Ұшқыш аппараттың көмегімен биылдың өзінде осындай тәртіп бұзған 50-ден астам жүргізуші анықталып, олардың әрқайсысына заң аясында қатаң шаралар қолданылған.