Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстандағы мектеп оқушылары жасанды интеллектті меңгере бастайды
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстандағы мектеп оқушылары жасанды интеллектті меңгере бастайды. Балаларды бұл салаға информатика және цифрлық сауаттылық сабақтарында оқытады. Қостанайлық мұғалімдер болса бұл жаңашылдықты оң қабылдап отыр. Тіпті, олардың жоғары сыныптарда мұндай тәсілді әлдеқашан қолданысқа енгізгені белгілі болды.