Лисаков қаласында мотокросстан Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі өтті
Қозғалтқыштардың гүрілі, шектен тыс жылдамдық пен шеберлік – Лисаков қаласында мотокросстан Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі өтті. Бұл тартысты додаға жүзге жуық спортшы қатысты. Финалға жолдама алу үшін әртүрлі жастағы қатысушылар бақ сынады – ең кішісі 8 жаста болса, ең үлкені 67-де. Айта кетерлігі, еліміздің түрлі қалаларынан келген тәжірибелі шабандоздардың көпшілігі Лисаковтағы трассаны Қазақстандағы ең үздік деп атады.