Лисаков қаласының полициясы интернет-алаяқтықтың алдын алуға басымдық беріп отыр
Лисаков қаласының полициясы интернет-алаяқтықтың алдын алуға басымдық беріп отыр. Құқық қорғау қызметкерлері тұрғындармен кездесулер өткізіп, алаяқтардың амал-айласы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері бұл қалада 26 жағдай тіркелген – онда жергілікті тұрғындар қылмыскерлерге өз қаражаттарын беріп қойған. Полицейлердің айтуынша, алаяқтар күннен-күнге қулықтарын жетілдіріп, заманауи технологияларды кеңінен қолдана бастаған.