14.03.2026 07:13
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Қостанай қаласының тұрғыны құрамында есірткі заттары бар қарасора өсіргені белгілі болды

  • 4 августа, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 7

Қостанай қаласының тұрғыны құрамында есірткі заттары бар қарасора өсіргені белгілі болды. Бұл туралы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері хабарлады.
Жедел іс-шара барысында күдіктінің жеке үй аумағынан бірнеше арнайы жабдықталған бөлмелер анықталды. Олар толыққанды фитозертхана ретінде жабдықталған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, заңсыз қарасора өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Облыстық полиция департаментінің өкілдері күдіктіні қандай жаза күтіп тұрғаны туралы, сондай-ақ «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасының аралық қорытындылары жөнінде мәлімет берді.