Қостанайда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстары маусым айының соңына дейін аяқталуы тиіс еді
Қостанайда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстары маусым айының соңына дейін аяқталуы тиіс еді. Алайда, белгіленген мерзім бұзылды.
Мердігер компания жұмысты уақытында аяқтай алмады, осыған байланысты қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі сотқа талап арыз әзірлеп жатыр.Бүгінгі күні Қостанайда жоспарланған 19 үйдің 7-інде жөндеу жұмыстары толық аяқталған.