8 наурызға гүл аламын деп, алаяқтардың құрбаны болып қалмаңыз
8 наурызға гүл аламын деп, алаяқтардың құрбаны болып қалмаңыз. Тәртіп сақшылары ел тұрғындарына үндеу жасады. Мереке қарсаңында қаскөйлер курьердің атын жамылып қоңырау шалып, «жеткізуді растау үшін» SMS-кодты сұратады екен. Алайда бұл тек қана банк шоттарына заңсыз қол жеткізудің айласы. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде бағасы тым арзан және міндетті түрде алдын ала төлем талап ететін гүлдер мен сыйлықтар сататын жалған акаунттар көбейеді. Алаяқтардың шырмауына түспес үшін нені білу қажет?





