7 мамыр күні Астана қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді
7 мамыр күні Астана қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді. Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері аттанады. Олардың арасында, бала кезінде концлагердің тұтқыны болған Леонид Дьячков бар. Биыл 97 жасқа толған ол бұл сапарды асыға күтуде.