29.04.2025 09:36
Қазақ Қазақ
USD 513.68
EUR 583.03
RUB 6.24
Жаңалықтар

38 самокатшы жол ережесін сақтамағаны үшін айыппұл арқалады

  • 29 апреля, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

38 самокатшы жол ережесін сақтамағаны үшін айыппұл арқалады. Қостанай облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел профилактикалық шарасы жалғасып келеді. Акция аясында 3 мыңға жуық жосықсыз жүргізуші мен 300-ден астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Айыппұл арқалағандардың арасында рөлге мас күйде отырған жүргізушілер, құжатсыз көлік айдағандар мен жолды рұқсатсыз жерден кесіп өткен азаматтар бар. Сондай-ақ, мопед пен самокат тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар да анықталды.