04.02.2026 09:45
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

30 жыл бойы түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіріп келген Қазақстан халқы Ассамблеясы өз тарихи миссиясын аяқтады

  • 4 февраля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 2

30 жыл бойы түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіріп келген Қазақстан халқы Ассамблеясы өз тарихи миссиясын аяқтады. Енді алдағы уақытта Ассамблея мен Құрылтай бірігіп, Халық кеңесі деп аталатын болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Сыр өңірінде өткен V Ұлттық құрылтай отырысында мәлімдеді. Халық кеңесінің құрамына барлығы 126 адам мүшелік етеді. Бұл жөнінде Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев хабарлады. Кеңес мүшелерінің 42-сі еліміздегі түрлі этнос өкілдерінен құралса, қалған бөлігі қоғамдық бірлестік пен өңірлік мәслихат өкілдерінен сайланады.