2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Жаңа салық ережелерінде жеке тұлғалардың салығына қатысты бірнеше өзгеріс пен жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар түрлі мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істейтін немесе такси қызметін көрсететін, көлікті жалға берумен айналысатын кәсіпкерлерге ресми тіркелмей жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Басты шарт — табыстары 300 АЕК мөлшерінен аспауы қажет.