2023 жылдан бері өңірде 6 сүт тауарлы фермасы ашылып
2023 жылдан бері өңірде 6 сүт тауарлы фермасы ашылып, ауылдағы ағайын еңбекпен қамтылып отыр. Бұл инвестициялық жобалар үшін кезең-кезеңімен 20 млрд теңге қаржы бөлінген. Осындай жеңілдетілген несие арқасында Степановка ауылында сүт тауарлы ферма бой көтерді. Шаруашылықтың қуаты – 1200 ірі қараға арналған. Қазір жергілікті азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Инвестициялық жобаны ауыл шаруашылығы министрі аралады.