16 қаңтардан бастап Қостанай облысының ақылы жолдарында «Зерек-2» кешендері жұмысын бастады
16 қаңтардан бастап Қостанай облысының ақылы жолдарында «Зерек-2» кешендері жұмысын бастады. Олар көлік құралдарының жылдамдықты асыру фактілерін толық автоматты режимде тіркейді.Автоматты түрде тіркелген барлық құқық бұзушылықтар «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Полиция жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады.



