12 миллионнан астам қазақстандық республикалық референдумда дауыс бере алады
12 миллионнан астам қазақстандық республикалық референдумда дауыс бере алады. Бұл туралы кеше өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Сонымен қатар жиында алқа мүшелері негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітіп, жұмсалатын болжамды қаржы көлемін айтты. Алдын ала болжам бойынша жаңа Ата заңды қабылдау жөніндегі референдумға бюджеттен 20,8 млрд теңге бөлінбек. Қаражаттың 70–80 пайызы аумақтық сайлау комиссиялары қызметкерлерінің еңбекақысына жұмсалады. Референдумда қанша сайлау комиссиясы жұмыс істейді? Комиссия құрамына қанша адам кіреді?



