26.09.2026 02:09
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

10 мың теңге табуды көздеген әрекет сотталумен аяқталды

  • 20 августа, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 9

10 мың теңге табуды көздеген әрекет сотталумен аяқталды. Қостанай облысының тұрғыны өзінің банктік шотын бейтаныс адамдардың пайдалануына бергені үшін жазаға тартылды. Ал бұл шотты кейін интернет-алаяқтар өз қылмыстық схемаларында пайдаланған. Осындай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратураның бастамасымен бұл сот отырысы ашық форматта өткізілді.